Ресеймен білім саласындағы әріптестік артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресеймен білім саласындағы әріптестік артып келеді

05.09.2014
Ресеймен білім саласындағы әріптестік артып келеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында мектеп бітірген 4000-нан астам түлектің 701-і шетелге оқуға аттанды.

Олардың 659-ы ресейлік жоғары оқу орындарының студенті атанса, 390-ы тегін оқу грантына ие болды.

Қазақстандық студенттер негізінен көрші мемлекеттегі техникалық және әскери оқу орындарын таңдайды.

Қазір Түмен қаласындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде қазақстандық 13 студент күндізгі бөлімде, 8-і магистратурада оқып жүр. Тағы 5-еуі сырттай білім алуда.

Сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер де көбейіп келеді, дейді университет ректоры Александр Набоков. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу