Қостанай облысында биыл 6 бастауыш мектеп жабылды. Мұндай шешім шығаруға білім ордаларының мемлекеттік стандартқа сай келмеуі себеп.
Алты мектептің бәрін қосқандағы оқушы саны 20-ға жетпейді. Ал талапқа сай, бастауыш мектепті ұстау үшін бала саны 5-тен кем болмауы тиіс.
Енді мұндағы оқушылар көрші ауылдарға қатынап немесе орталықтағы интернатта білім алатын болады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК