Биыл мектеп оқулықтарын алуға жергілікті бюджеттерден 8,3 миллиард теңге бөлінген. Осы арқылы жаңа оқу жылында оқушылар кітаппен толық қамтамасыз етіледі, деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
«Біз осы мәселе бойынша бірнеше кеңес өткіздік. Облыстардан келген мәлімет бойынша, барлық оқушы мектеп оқулықтарымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Сондықтан оқу кітаптары туралы мәселе осы жылы толық шешілу керек», - деді ол.
Сонымен қатар, министр 2 миллионнан аса бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.