Қостанайда ұстаздардың Тамыз конференциясы өтті. 500-ден астам мектеп мұғалімі бас қосқан жиында жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалды.
Биыл қостанайлық мұғалімдер жаңа оқу жылын «Отбасы жылы» деп жариялады. Осыған орай, мектеп ұжымдарына отбасылармен тығыз байланыс орнату, бала тәрбиесінде ата-аналардың ықпалын арттыру тәрізді бірқатар міндеттер қойылды.
Қаладағы білім ошақтары жаңа оқу жылында қатарларына 70-тен астам жас маманды қабылдайды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК