Алматыда білім саласының қызметкерлері арасында дәстүрлі «Тамыз кеңесінің» жиыны өтті.
Жиында жаңа оқу жылына дайындық пысықталып, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар баяндалды.
Жаңа оқу жылында Алматыда 1200 орындық мектеп ашу жоспарланып отыр.
Жиынға қатысқан Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Елбасының тікелей тапсырмасы арқылы кәсіби білім беруде дуальды жүйені енгізу керектігін атап өтті.
Айбар ЖАҚСЫБАЙ