Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты

01.08.2014
Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты

Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты. «Отбасылық құндылығы институты» мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген шараға еліміздің әр облысанан ұстаздар келді.

Мамандар жылына 4 рет бас қосып, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ата-ана қарым-қатынасы туралы кеңінен талқылайды. Екі апта бойы түрлі жиындар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтерге қатысады.

Бастауыш сынып оқытушылары мен балабақша тәрбиешілері өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. 

Конференцияға шетелден арнайы профессор мамандар шақырылған. Әр басқосу сайын түрлі идеялар айтылып, ұсыныс-пікірлер қабылданатын жиынның берері мол, дейді қатысушылар.

Зухра Жұмағазиева, мұғалім:

Мұндай жиындардың бізге берер тәжірибесі мол, деп есептейміз. Жылына 4 рет ұйымдастырылатын шарадан оқушыларға отбасы туралы көптеген мағлұмат жеткіземіз. Мұнда келудегі негізгі мақсатымыз - тәжірибе алу.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу