Қашықтықтан оқыту арқылы еліміздегі 173 колледжде 10 мыңнан астам маман даярлау жоспарланып отыр. Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында дуальді оқытудың «жол картасы» таныстырылды.
Құжатта әрбір аймақтың ерекшелігі ескеріліп, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша өңірлерде жүзеге асатын жобалар көрсетілген.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауалнама жүргізіп, 2019 жылға дейін қай мекемеге қандай мамандықтар керек екенін анықтады.
Нұржан Әлтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
Нақты іс-шаралардың жоспары белгіленді. Сол жоспар бойынша бизнеске мамандар даярлау қарастырылған болатын.
Ләззат БЕКТАС