Астанада өткен физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадада Қазақстан намысын қорғаған мектеп оқушылары 3 алтын мен 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша еліміз мықты мемлекеттердің ондығына енді. Командалық есепте Қазақстан 8-орыннан көрінді.
Білім бәйгесінің салтанатты жабылу рәсімі кеше өтті. Бұл шараға әлемнің 85 елінен делегат келді. Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов халықаралық олимпиада эстафетасын Астана Нью-Делиге тапсыратынын айтып, білім бәйгесіне қатысушыларды жарыстың аяқталуымен құттықтады.