Инновациялық автобус Қостанайға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инновациялық автобус Қостанайға келді

18.07.2014
Инновациялық автобус Қостанайға келді

Қазақстанның инновациялық автобусы өз сапарын жалғастыруда. Осыған дейін еліміздің 15 аймағында болған сарапшылар тобы бүгін Қостанай қаласына ат басын тіреді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – көпшіліктің жаңашылдыққа, ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Жергілікті  өнертапқыштардың туындыларымен танысып, олардың ең озық дегендерінің ел кәдесіне асуына ықпал ету. Жалпы «Инновациялық форсаж» акциясы 2005-ші жылдан бастау алады. Ал, 2010-шы жылдан озық жаңашыл жобалар қаржыландырыла бастады. Соңғы төрт жыл ішінде 1300 жоба қаралып, оның 206-сына грант берілген. Бұған құйылған қаржының жалпы сомасы 9 миллиард 300 миллион теңге. Қостанайда сарапшылар назарына 10-нан астам жоба ұсынылды. Олардың басым бөлігі баламалы қуат көздерін өндіруге және үнемдеуге бағытталған. Жалпы биыл еліміз бойынша 200 жоба сарапшылардың сүзгісінен өтеді.

Ұлдай Жәркенова, Ұлттық инновациялық агенттіктің сарапшысы:

Бұл инновациялық автобус шарасы аясында бірінші орынға 7 миллион теңге, екінші орынға 2 жарым миллион теңге, үшінші орынға 1 миллион теңге беріледі. Сондықтан әр аймақтан 1 жоба қабылданады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу