Бүгін Ұлттық ұлан қатары 360 сарбазбен толықты. «Отан Ана» монументі алдында өткен шарада жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Рәсім тәжік-ауған шекарасында мерт болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл қоюмен басталды.
Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов сарбаздарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Айта кету керек, биыл Ұлттық Ұлан қатарына 5 мыңға жуық жас жауынгер қабылданады. Салтанатты шара шымылдығы жас сарбаздардың шеруімен жабылды.
Мереке Қырғызбаев, жас сарбаз:
Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 6636 әскери Ұлттық ұлан гвардиясына әскери борышымды өтеуге келдім. Отан алдындағы борышымды өтеген соң, алдағы уақытта көптеген жоспарлар бар.
Шырақ БАЙКЕНОВА