Ақтөбе облысының түлегі өз білімін дәлелдеп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының түлегі өз білімін дәлелдеп шықты

03.07.2014
Ақтөбе облысының түлегі өз білімін дәлелдеп шықты

Ақтөбе облысының түлегі өз білімін дәлелдеп шықты. Хромтау қаласында оқыған Гүлсезім Ситебайға Ұлттық бірыңғай тестілеуде бір балл жетпей қалған болатын. Ол республикалық аппеляциялық комиссияға өтініш жазып, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша берген жауабының дұрыстығын дәлелдеді. 

Гүлсезімнің табандылығы облыс рейтингін бір сатыға жоғары көтерді. Ол ерекше белгіге ие болған 163-ші түлек. Саны жағынан Ақтөбе облысы бесінші орында. Облыстық Білім басқармасы Гүлсезімге «Алтын белгі», шығармашылық фестиваль жеңімпаздары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы сый тапсырды. Өнерлі, білімді өрендер жеңістерін Елорда күніне арнамақ.

Гүлсезім  Ситебай, «Алтын белгі» иегері:

Алғашқы жеңісім Астана күнімен қарайлас келіп жатқанына қуаныштымын. Астанаға өзім де оқуға барамын. Болашақта сапалы еңбегіммен Астананың көркеюіне үлкен үлес қосқым келеді. Астана арман қала және онда менің арманым орындалатынына сенемін.

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу