Қазақ гуманитарлық заң университетінде қос дипломды білім беру жүйесі қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ гуманитарлық заң университетінде қос дипломды білім беру жүйесі қолға алынбақ

26.06.2014
Қазақ гуманитарлық заң университетінде қос дипломды білім беру жүйесі қолға алынбақ
 
Қазақ гуманитарлық заң университетінде қос дипломды білім беру жүйесінің тұсауы кесілді.
 
Бұл швейцариялық Бизнес және халықаралық зерттеулер университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқылы мүмкін болды.
 
Оның шеңберінде шетелдік оқу орнының ғалымдары университетте МВА және DBA бағдарламалары бойынша дәріс беріп, ұлттық компанияларды басқаратын топ-менеджерлерді даярлайды, ғылыми дәрежесі бар мамандардың біліктілігін жетілдіреді.
 
Оқу процесі биылғы оқу жылынан басталды.
 
Патрик Фаниел, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетінің басқарма төрағасы:
Қазақ гуманитарлық заң университеті - бізбен әріптес атанып отырған Қазақстандағы алғашқы оқу орны. Қазіргі таңда қос дипломды оқыту жүйесі бойынша әлемнің 35 елімен келісімшартымыз бар. Басты маманданған саламыз - инжиниринг.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу