Оралда бір мектептің 23 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бір мектептің 23 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды

04.06.2014
Оралда бір мектептің 23 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды
ҰБТ-ның алғашқы күнгі қорытындысы бойынша  Орал өңірінің түлектері орташа 85,29 балл жинады. 45 түлек  «Алтын белгі» иегері атанса, соның 23-і - бір мектептің оқушылары.
 
Облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектеп-интернаты соңғы 10 жыл бойы үздіктер қатарынан көрініп келеді.
 
Мәселен, 2010 жылы  мектептің екі түлегі 125 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Биыл мектептің  «Алтын белгіге» үміткер 25 түлегінің 23-і тестілеуді сәтті тапсырып, сенімді ақтап шықты.
Тағы бес бала ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. 
 
Нәсіпқали Дәулетов, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры: 
Мектеп бітіруші түлектер соңғы 10 жыл көлемінде жоғары оқу орындарына 100 пайыз грантпен қабылданып отыр. «Алтын белгі» де, оқушылардың үздік аяқтауы да сөз жоқ,  білім сапасының көрсеткіші. ҰБТ - білімді бағалау моделі екендігін, әрбір балл оқушының шын білім сапасы екендігін  педагогтар жақсы түсінеді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу