ЖОО-ларда әлемдік дәрежедегі білім жүйесі қалыптасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО-ларда әлемдік дәрежедегі білім жүйесі қалыптасады

04.05.2014
ЖОО-ларда әлемдік дәрежедегі білім жүйесі қалыптасады
  Қазақстанның жоғары оқу орындарында әлемдік дәрежедегі білім жүйесі қалыптасады. Бұл Болон жүйесі бойынша жүзеге аспақ. Болон жүйесі дегеніміз - білім сапасының тәуелсіз жүйесін құру, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
 
Жалпы, бұл халықаралық ұйымға әлемнің 47 елі мүше. Қазақстан 2010 жылы мүшелікке кірді. Ал биыл Грекиямен бірге төрағалық етіп отыр. Басты мақсат - Қазақстандағы жоғары білім жүйесін дамытудың негізгі шарттарын осы Болон процесінің принциптеріне сәйкестендіру.
 
2010 жылдан бері жүздеген қазақстандық студент пен оқытушы шетелдерге барып білімдерін жетілдірді. Тиісінше, шетелдіктер Қазақстанға келеді. Жиынға қатысушылар жаһанданушы әлемде Болон процесі саясатын ілгері жылжыту жайын талқылады. Сәуір айында бұл кеңес Грекияда өтеді. Қазір Қазақстан мен Грекия оған қызу дайындалып жатыр.   
 
Фатима Жақыпова, ҚР БҒМ Жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі департамент директоры:
Қоғам, білімгерлер, ата-аналары осы білім сапасын бағалауға қатысуы керек. Біз қазір тәуелсіз аккредитацияны құрсақ, білім сапасы артады. Біздің берген біліміміз жұмыс берушілердің талаптарына сай болады. Бұл - Болон жүйесінің басты қағидасы.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу