«Биоақпарат және синергетика» атты семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Биоақпарат және синергетика» атты семинар өтті

23.04.2014
«Биоақпарат және синергетика» атты семинар өтті
Әрбір оқушының көшбасшылық қасиеттерімен қоса, ойлау қабілетін дамыту керек. Оларды бәсекеге қабілетті ортаға қарай бейімдеу қажет. Бұл - білім саласы мамандарының алдында тұрған үлкен міндет.
 
Мұндай пікірлер бүгін «Биоақпарат және синергетика» атты семинарда айтылды. Жоба авторы Федор Вассерманның сөзінше, мұндай әдіс арқылы жалпы білім беретін көпшілік мектепте нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
 
Жаңа технологияны әзірге қаладағы бірнеше мектеп қолдап, жаңа технология арқылы балалардың қабілеттерін ашқан. Осы әдісті алғашқылардың бірі болып, №69 мектеп-гимназиясы қолдаған. Мұнда өздерінің президенті, білім, ақпарат, қаржы министрлері бар.
 
Ажар Ермұхаммед, №69 мектеп-гиназиясының оқушысы:
Оқушылар бір-бірімен жақсы байланыста болса, түсіндірсе, қасындағы досы, құрбысы ілеседі.
 
Федор Вассерман, педагогика ғылымдарының докторы, жоба авторы:
Бұл технология оқу сапасын басқару деп аталады. Яғни, балаға білім беру, тәрбиелеу, оны дамыту тәсілдері өзгереді. Мұнда бағаны бұрынғыдай мұғалім қоймайды, керсінше, балалар өздерін-өздері бағалайды. Осындай ортаға бейімделген оқушылар бәсекеге төтеп бере алатын болады. Көшбасшылық қабілеті де артады. Бүгін сіздер де соған куә болдыңыздар.
 
Ләззат БЕКТАС
 

Хабарламаларға жазылу