Алматыда студенттер арасындағы республикалық әлеуметтік және бизнес жобалар жарысы мәресіне жетті. Осымен 18-ші рет ұйымдастырылған сайыстың жеңімпаздары анықталды.
Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 45 университеттің студенттері қатысты.
Бұл жоба біріншіден, жастардың жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға үйретеді әрі кәсіпкерлік дағдыларын меңгеріп, бизнес этикасымен таныстырады. Ең бастысы - қоғамның жауапты азаматы болуға үндейді.
Биылғы бәсекеде бас жүлдені Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жеңіп алды.
Айдар Қақабаев, «Enactus Kazakhstan» Ұлттық кеңсесінің бағдарлама директоры:
Биылғы жарыс жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар 22-24-қазанда Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Әлем кубогында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Ол cайысқа 36 мемлекеттің осындай ұлттық чемпиондары қатысады.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ