«Мамандық таңдау - маңызды қадам». Осындай тақырыпта бүгін елордалық оқушылар үшін дәріс оқылды. Оған қаладағы білім ошақтарынан 700-ге жуық 10-11-сынып оқушылары қатысты.
Мақсат - жастар арасында еңбек нарығында айрықша сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеу мен олар туралы ақпараттық негізде кәсіби бағыт-бағдар беру.
Айта кетейік, бұл шара 25-сәуірге дейін жалғасатын болады.
Бақытжан Жүнісбеков, Астана қаласы жастар саясатын қорғау мемлекеттік қорының директоры:
5 күннің ішінде Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қамтимыз.
Айдана ҮСЕНБАЙ