Назарбаев университетінде Тіл апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетінде Тіл апталығы басталды

31.03.2014
Назарбаев университетінде Тіл апталығы басталды

Назарбаев университетінде Тіл апталығы басталды. 4-сәуірге дейін жалғасатын шара 500-ге жуық студентті қамтиды.
 
 Апта бойы студенттер дебаттарда бақ сынап, арнайы сахналық қойылымдар қояды. Онда білім алушылардың сөйлеу мәдениеті мен қазақ тілін қаншалықты меңгергендеріне мән беріледі.
 
 Ал, шараның бүгінгі ашылу салтанатына әлемге әйгілі Висконсин университетінің ғалымдары арнайы келді. Олар қазақ тілінде өтетін пәндердің оқыту үдерісі бейнеленген постерлер көрмесін аралап көріп, қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне қызығушылық танытты.
 
Гүлтас Құрманбай, Назарбаев университеті Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының меңгерушісі:
Іс-шара барысында студенттер постерлер дайындады. Олардың жазбаларынан қазақ тіліне деген ерекше ықыластарын көруге болады. Жалпы,  апталықтың түпкі мақсаты - балалардың қазақ тілінің мәңгілік екеніне сенімдерін күшейту.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу