Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті базасында аймақтық технологиялық парк құрылады. Бұл жөнiнде Орталық коммуникациялар қызметiндегі брифингте университет ректоры Махметқали Сарыбеков хабарлады.
Аймақтық технологиялық парк құру үшiн Тараз мемлекеттік университеті тиісті органдармен меморандумдарға қол қойған. Көп кешікпей жоғары оқу орны жанынан 8 гектар жер бөлiніп, технологиялық парк жұмысын бастамақ.
Онда үздік ғылыми жобалар жүзеге асатын болады. Ректордың сөзінше, университет ғалымдарының ғылыми жұмыстары облыстағы химия индустриясы мен фосфор өнеркәсібінде кеңінен қолданылуда.
Атап айтсақ, тараздық ғалымдар құрылыста қолданылатын жеңіл күкірт бетондар мен газды бетондар шығару технологиясын ойлап тапқан.
Махметқали Сарыбеков, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры:
Жалпы, Жамбыл облысында 2013 жылы ҮИИД бағдарламасы бойынша 8 жоба жасалған. Бұл ғылыми әдістемелік көмек көрсету ретінде, ғылыми консультациялар жасауға, біздің университеттің базасында оқу-семинар өткізуге көп атсалысып келе жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ