Заң университетінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң университетінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

14.03.2014
Заң университетінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Енді оқуға түсемін, я оқудан шығамын, болмаса басқа бөлімге ауысамын дейтін студенттер құшақтарын құжатқа толтырып, талай есіктің табалдырығын тоздырмайды. Бір бөлмеде бар шаруасын шешеді.

 
Оларға кәсіби мамандар оқу үдерісіне қатысты бас-аяғы 40-қа жуық қызмет түрін көрсетіп, жөн сілтейді. Өз кезегінде студенттер орталық мамандарының жұмысына баға бере алады.
 
Ел тарихында алғаш ашылған мұндай жүйе жұмысты жеңілдетеді. Мұны әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Қазірде Германия, Нидерланд, Ұлыбританияда осындай орталықтар өз қажеттігін әлдеқашан айғақтаған.
 
Өмірбай Қыстаубай, Қазақ гуманитарлық заң университеті Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғарғы мектебінің директоры:
Студент оқудан шығамын дейтін болса, біріншіден, арыз жазады, екіншіден, деканын іздейді, үшіншіден, тіркеуші деген бар,  пәндердің айырмасын шығару керек, одан соң бухгалтерияға барып, оның келісімін алады. Қарап отырсаңыз, он шақты іс-әрекетті жүзеге асыру қажет. Бұл тұрғыдан алғанда  университетімізде ашылып отырған орталық соның бәрін жүйелендіріп, бір орталықтан қызмет көрсетеді.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу