Атыраудағы балабақшалардың асханасында ішек таяқшалары анықталған. Бұған қоса, балалар сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекпен емделген.
Аталмыш заңбұзушылықтар, қалалық прокурорлар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп өткізген тексеріс жұмыстары кезінде белгілі болды.
Тексеріс кезінде қаладағы бес балабақшаның санитарлық жағдайы қаралды. Білім беру мекемесінің қай-қайсысы да санитарлық талаптарды сақтамаған.
Мәселен, 80-нен астам тәрбиеші жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген. Осылайша, заң бұзушылықтар тізбектеліп, кете береді.
Жалғас Кикешев, Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі:
Осыған орай, барлық балабақша меңгерушілеріне заңбұзушылықтарды жою туралы прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, қазіргі уақытта, 84 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, балабақша меңгерушілерінің тәртіптік жауапкершілігін шешу үшін қалалық Білім беру бөлімінің басшысына ұсыныс енгізілді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ