Аслан Сәрінжіпов Алматы облысында білім саласының жетістіктерімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов Алматы облысында білім саласының жетістіктерімен танысты

06.03.2014
Аслан Сәрінжіпов Алматы облысында білім саласының жетістіктерімен танысты

Білімді жастар - мемлекет дамуының іргетасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуын ерекше тапсырды.

Мұғалімдер жалақысы мен студенттер шәкіртақысын 10 және 14 пайызға өсіруді міндеттеді. Бұл қадам білім саласындағы көрсеткіштердің оңды өзгеруіне өз үлесін қосады.
 
Бұл туралы Алматы облысына Президент Жолдауын түсіндіре келген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. Министр өңірдегі білім ордаларын аралап, студент жастармен кездесіп, облыстағы білім саласының жетістіктерімен танысты.
 
Министрлік пен облыс басшылары арасында 2016 жылға дейін нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды нәтижелерге бірге қол жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.
 
Аслан Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі:
Алматы облысында апаттық жағдайда 10 мектеп бар. 50 үш ауысымды мектеп бар. Біз 3 жылдық меморандум шеңберінде осы мәселелерді 2017 жылға дейін толық шешуіміз керек.
 
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу