6 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
|