Енді мұғалімдер жалақысы оқушы үлгеріміне байланысты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мұғалімдер жалақысы оқушы үлгеріміне байланысты болады

28.01.2014
Енді мұғалімдер жалақысы оқушы үлгеріміне байланысты болады
 
Ұстаздарға жалақы төлеудің жүйесі жаңартылады. Бұрынғыдай сағат саны мен жүктемесі емес, оқушылардың үлгерімі есепке алынады. Қысқасы оқушысы озат мұғалім жоғары жалақыға қол жеткізеді. Бұл білімнің сапасын арттырып, мұғалімдер білікті шәкірт тәрбиелеуге мүдделі болады.
 
Биылғы Жолдауында Елбасы осыны айтты. Сондай-ақ, Үкіметке келер жылдың 1-ші шілдесінен кешікпей азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін енгізуді жүктеді. Ол кезде ұстаздардың айлығы бірден 29 пайызға өседі. Жолдауда ұстаздар еңбегін қолдауға ерекше көңіл бөлінгені қуантады дейді, оқытушылар.
 
Сәтжан Мейірманов, саяси ғылымдарының докторы:
Бұл Жолдауда шәкіртақыны арттыру, мұғалімдердің жалақысын көтеру жөнінде айтылған. Бұл өте қажет. Өйткені келешекте ғылыми-зерттеу университеттері болады. Ол әрбір оқытушының  шәкірттерге дәріс берумен қатар, ғылыми шығармашылықпен айналысуына сеп болады деген ойдамын.
 
Алмагүл Нұрышева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы:
Осы Жолдауда көтерілген маңызды мәселенің бірі - ғылымның қаржыландырылуы. Атап айтқанда, Астана мен Алматы қалаларында урбанистикалық зерттеу орталықтарының ашылуы. Мен осы саланы зерттеп жүргендердің бірімін. Урбанистикалық зерттеулер Қазақстан үшін ЕХРО-2017 көрмесі алдында өте қажет.
 
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу