Алғашқы мектепке - 140 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы мектепке - 140 жыл

07.01.2014
Алғашқы мектепке - 140 жыл
 
Маңғыстау түбегіндегі ең алғашқы мектепке 140 жыл толды. Форт-Шевченко қаласындағы Максим Горький атындағы мектеп-лицей мерейтойын атап өтті. Алғашында 10 балаға арнап ашылған оқу ошағы 1 сыныптық қана білім берген.
 
1939 жылы тұңғыш түлектері бітірді. Биыл 75-ші түлектер алтын ұядан ұшқалы отыр. 2008 жылдан бастап мектеп-лицей деген статусқа ие. Бүгінде мұнда 670 оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алып жатыр. 50-ден астам ұстаз жұмыс істейді.
Шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық бәсекелерде мектеп оқушылары алда жүр. Түлектері еліміздің және алыс, жақын шетелдердің маңдай алды білім ордаларында жоғары білім алып келеді.
 
Есенбибі Талбаева, ұстаз:
Бұл мектеп түбектегі алғашқы білім шаңырағы болып есептеледі. Мектептің жетістігі үлкен. Шәкірттеріме білім беруге бүкіл ынта-жігерімді саламын. Оған ризамын. Мемлекет тарапынан еңбегім ескерусіз қалған жоқ.
 
Ғалымжан Тұржанов, оқушы:
Мектебіме 140 толып жатыр. Оған қуаныштымын. Мектебімнің түлектері үлкен белестерге шығып, биіктен көріне беруіне тілектеспін.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу