Олимпиада-2018. Денис Теннің қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетуі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Денис Теннің қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетуі (ВИДЕО)

16.02.2018

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Денис Тен XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарлама бойынша 70.12 (30,77 +39,35) ұпай жинады. Еркін бағдарламадағы жарысты жалғастыру үшін спортшы бүгінгі кезеңде үздік 24 спортшының қатарына енуі тиіс.

XXIII Қысқы ойындар Денис Теннің спорттық мансабындағы үшінші Олимпиада.

«Бүгін бәрі ойдағыдай болған жоқ. Бірақ, қолымнан келгенін жасадым. Алдағы уақытта қазіргі нәтижеге қарамастан, менде ғана емес, бүкіл құрамада жақсы жетістіктер болады деп сенемін», - деді қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы сайыстан кейін біздің тілшілерге берген сұхбатында.     

 

 

Хабарламаларға жазылу