Олимпиада-2018. 14-ақпан күнгі нәтижелер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. 14-ақпан күнгі нәтижелер

14.02.2018
Олимпиада-2018. 14-ақпан күнгі нәтижелер

XXIII Қысқы Олимпиададағы бүгінге жоспарланған биатлон жарыстары ауа райының қолайсыздықтарына байланысты ертеңге шегерілді.

Ертеңгі жарыс уақыттары:

Қыздар - 15 шақырым. 14:05 «Qazaqstan».

Ерлер - 20 шақырым. 17:10 «Qazsport».

Бүгін бұл сайыста қазақстандықтардан жарыс жолына Галина Вишневская, Ольга Полтаранина, Алина Райкова, Дарья Климина шығуы тиіс болған.

Сондай-ақ, Мария Григорова қатысатын тау шаңғысы спорты да ауа райына байланысты кейінге қалдырылды.

Ал, 1000 метрлік қашықтықта конькимен жарысу сайысында жерлесіміз Екатерина Айдова бақ сынады. Отандасымыз мұз айдынына қытайлық Тиан Рунингпен шығып, аталған ара қашықтықты 1:17.09 минут уақытта жүріп өтті. Жалпы есепте - 24-орында. Жарыс «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

 

15-ақпан күнгі жарыс кестесі 

Хабарламаларға жазылу