Олимпиада-2018. Фристайлшы Юлия Галышева біліктілік кезеңінен сүрінбей өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Фристайлшы Юлия Галышева біліктілік кезеңінен сүрінбей өтті

09.02.2018

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдан (Могул. Әйелдер. Іріктеу кезеңі) жарыс кезінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева келесі кезеңге өтті. Біліктілік кезеңінде ол 76.36 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Ал, тағы бір отандасымыз Аяулым Әмренованың нәтижесі – 52.78, 26-орын. 

Іріктеу кезеңінің үздік үштігі франциялық Перрин Лаффонт — 79.72, канадалық Анди Нод (79.60) және  америкалық спортшы Морган Шилд (77.74).

Айта кетейік, бүгін 08:35-те фристайлдан ерлер арасындағы сайыс «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көрсетіледі. Онда екі қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков бақ сынайды.

Еске сала кетейік, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын бүгін Ұлттық арнадан сағат  16:50-де тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу