Пхенчхан-2018. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы алғашқы жаттығуын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчхан-2018. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы алғашқы жаттығуын өткізді

05.02.2018

Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды.  Дүбірлі дода қатысушыларының алғашқы легі Пхенчханға келіп жетті. Спортшыларға арналған олимпиадалық қалашық екеу: таулы және жағалау маңындағы кластерлерде орналасқан.

Индира Бектенова, тілші: 

 - Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада астанасына келіп жетті. Қыз-жігіттеріміз алғашқы жаттығуын өткізді.

Алдағы жауапты сынға Мәдіғали Қарсыбеков шәкірттері сақадай сай. Ерлер командасы жаттығу жиындарын Жапонияда өткізсе, аруларымыз Оңтүстік Кореяда шеберліктерін шындаған. Бүгін шорт-трекшілер алғашқы жаттығуын Олимпиада нысаны «Каннын айс» аренада өткізуде. Айта кету керек, Олимпиада аясында мәнерлеп сырғанау шеберлерінің де бәсекесі дәл осы жерде ұйымдастырылмақ. «Каннын айс» арена қазақстандық спортшыларға жақсы таныс.  

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу