«Қазақстан барысы-2017» турнирінің финалында атыраулық Арман Қалиев пен шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров қола белбеуге таласты.
Арман Қалиев жартылай финалда 1 минут 55 секундта Еламан Ерғалиевтен ұтылса, Айбек Нұғымаров Ұлан Рысқұлға есе жіберді.
Қола белбеуге таласта Айбек Нұғымаров қарсыласын 1 минут 49 секундта ұтып, үшінші орын иегері атанды.