Келесі ширекфиналдық жұп - Ержан Шынкеев пен Айбек Нұғымаров. Қарағандылық палуан бұған дейін ақмолалық Бекбол Нұрланұлынан, Алматы облысының палуаны Александр Касачевтан басым түскен болатын.
«Шығыс барысы» Айбек Нұғымаров турнирдің 2011 жылдан бергі қатысушысы. Бапкері - Серік Қоржыкенов.
Екі палуанның салмағы да, бойы да шамалас. Кездесуде Айбек бір жамбас ұпайымен басым түсіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.