«Қазақстан барысы-2017». Мұхит Тұрсынов пен Еламан Ерғалиев шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017». Мұхит Тұрсынов пен Еламан Ерғалиев шықты

02.07.2017

Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов 2011, 2013, 2014, 2015 жылғы турнирлердің қатысушысы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері  - әкесі Шыңғысбек Тұрсынов.

Қарсыласы – «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев. Еламан «Қазақстан барысына» алғаш рет 2016 жылы қатысқан. Биылғы турнирдің екінші ауыр палуаны (141,6 келі). 2011 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. Бапкері - Дархан Алмаханов.

Мұхит Тұрсыновпен белдесуінде жартылай жеңіс және екі бүк ұпайымен жеңіске жетті. Келесі кезеңдегі қарсыласы -  маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу