Мейрамбек Жаңабай соңғы минуттарда таза жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Жаңабай соңғы минуттарда таза жеңіске жетті

02.07.2017

Астаналық палуан Дархан Бижанов «Қазақстан барысы» турнирінде алғаш рет 2012 жылы бақ сынаған. Тәжірибелі палуандардың бірі. Бапкері - Ерлан Естек.

Қарсыласы – маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабай. 2013, 2014, 2015 жылғы жарыстардың қатысушысы. «Қазақстан барысы» атанбай, турнирден кетпеймін» деген ұстанымдағы палуан. Бапкері - Қабыл Бисенқұлы.

Мейрамбек Жаңабай бүгінгі белдесуде қарсыласынан бір жамбас ұпайымен ұтылып жатып, соңғы минуттарда таза жеңіске жетті.  Келесі айналымда қарағандылық Асыл Барменовпен шығады.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу