Қарағанды облысының өкілі Асыл Бәрменов былтырғы көрсеткішін жаңартып, келесі кезеңге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының өкілі Асыл Бәрменов былтырғы көрсеткішін жаңартып, келесі кезеңге шықты

02.07.2017

Жетінші жұп – Қарағанды облысының өкілі Асыл Бәрменов пен солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитов. 

Асыл Бәрменов  «Қазақстан барысы» турниріне 2013 жылдан бастап қатысып келеді. Ол 2014 жылы «күміс белбеу иегері» атанды. 2016 жылғы турнирде алғашқы екінші айналымда Руслан Әбдіразақовтан  ұтылып қалған болатын.  

Алтынбек Аусағитов - үздік палуандардың бірі.  «Қазақстан барысына» өткен жылы тұңғыш рет қатысты.  

Белдесуде Асыл Бәрменов былтырғы көрсеткішін жаңартып, келесі кезеңге шықты.  Ал,  аталмыш додада Солтүстік Қазақстан облысының 2 өкілі де жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кету керек, Асыл Бәрменов Қазақстан құрамасы сапында «Еуразия барысы» турнирінің де жеңімпазы атанған. 

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу