«Қазақстан барысы-2017». Самир Мамедов пен Абай Ерболұлының жекпе-жегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017». Самир Мамедов пен Абай Ерболұлының жекпе-жегі

02.07.2017

Павлодарлық палуан Самир Мамедов «Қазақстан барысына» үшінші рет қатысып отыр. Бұған дейін 2013, 2016 жылғы жарыстарда бақ сынаған. Бапкері - Дархан Жоламанов.

 Қарсыласы – турнирдің тұңғыш қатысушысы Жамбыл облысының палуаны Абай Ерболұлы. 2014 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. Қазақ күресінен спорт шебері. Бапкері -  Мұрат Әшімов. Бүгінгі алғашқы белдесуінде жамбас ұпайымен жеңіске жетті.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу