Солтүстікқазақстандық Ғизат Қалықов – «Қазақстан барысы» турниріне тұңғыш рет қатысып отырған 12 палуанның бірі. Бапкері: Есен Сәуленбеков.
Жарысқа өткен жылы 11 жаңа палуан қатысса, биыл 12 палуан алғаш рет бақ сынап отыр.
Ғизаттың қарсыласы - атыраулық «Жас қыран» Арман Қалиев. Бапкері: Айбек Серғазиев.
Белдесуде Арман қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде.