Темірлан Көлбай мен Шыңғыс Шоқпытовтың жекпе-жегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темірлан Көлбай мен Шыңғыс Шоқпытовтың жекпе-жегі

02.07.2017

Алғашқы жұп - ақтөбелік палуан Шыңғыс Шоқпытов  пен батысқазақстандық Темірлан Көлбай.

Темірлан Көлбай «Қазақстан барысына» тұңғыш рет қатысып отыр. Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бапкері - Қасым Қаженов. Лақап аты – Тана сұлтаны.  

Қарсыласы Шыңғыс Шоқпытов  турнирге 2013,  2015 жылдары қатысқан. Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бапкері - Сайтжан Тойлыбаев. Лақап аты – Алжан.

Белдесуде жамбас ұпайымен Шыңғыс Шоқпытов жеңіске жетті. Ол келесі айналымда ақтөбелік палуан Нұрбек Досмағамбетовпен күреседі.

Естеріңізге саламыз, туринирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. 

Хабарламаларға жазылу