Күш - атасын танымас. Бес күннен кейін еліміздің ең мықты палуандары дәстүрлі «Қазақстан Барысы» турнирінде өзара кім мықтыны анықтайды. Биыл боз кілемнің көрігін қыздыратын бура санды батырлардың саны да артқан. Айтулы доданы үш рет жеңген Бейбіт Ыстыбаев биылғы сайысқа қатыспайды. Сондықтан, 34 палуанның ішінде өзара бәсеке биыл одан әрі қыза түспек. Қазірде жауырыны жер иіскемеген алыптар жауапты бәсеке алдында соңғы дайындығын пысықтап жатыр.
Елдос САПАРҒАЛИ