«Қазақстан барысы» турниріне қатысушылар қатарына палуан Айбат Сейтен қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы» турниріне қатысушылар қатарына палуан Айбат Сейтен қосылды

19.06.2017
«Қазақстан барысы» турниріне қатысушылар қатарына палуан Айбат Сейтен қосылды

«Қазақстан барысы» турниріне қатысушылар сапына елордалық палуан Айбат Сейтен қосылды.

Астана қаласының іріктеу турнирінде екінші орын иеленіп, республикалық турнирдің финалына жолдама алған Мұрат Кеңтонов жарақат алуына байланысты, жарысқа қатысудан бас тартты.

Айбат Сейтен «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарысында үшінші орын иеленген болатын.

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні  «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. 

Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. 

Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу