Ғажайып атмосфера және нағыз шоу сыйлаймын. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі алдында осылай деді.
Ол Нұр-сұлтан уақытымен 9 маусым күні әлі жеңілістің дәмін татпаған Стив Роллспен жұдырықтасады. Канадалық былғары қолғап шебері тримпл джи командасына алғысын білдірді. Ол бұл жекпе-жек оған берілген үлкен мүмкіндік есептейді.
Головкин үшін бұл – «DAZN» сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің біріншісі. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен шаршы алаңға шығады.
Геннадий Головкин, боксшы:
Қарсыласымды сыйлаймын. Стив Роллс - жеңілмеген боксшы. Бұл үлкен бизнес және салмақты спорт. Үлкен жекпе-жекке дайын екеніне сенімдімін. Бұл жақсы айқас болады. Жекпе-жекті өткізіп алмаңыздар. Керемет шоу мен тамаша атмосфера боларына сөз беремін. Нағыз жанкүйер болсаңыздар, жекпе-жегімді өткізіп алмаңыздар.
Нью-Йорктегі бокс кешін «Қазспорт» және «Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетеді. Бұл күні шаршы алаңға тағы екі бірдей отандасымыз шығады. Андеркардта Әли Ахмедов пен Бахтяр Эюбов өнер көрсетеді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ