Норвегиялық мұнай компаниялары қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығаруда. Мәселен, елдің ең ірі «қара алтын» өндіруші компаниясы «Statoil» 12 мың инженерін қысқартатынын ескертті.
Оған басты себеп - мұнай импорттаушы елдердің азаюы. Бұл қадам арқылы компания 2016 жылы 1,7 миллиард доллар үнемдемек.
Ал, елдің тағы бір мұнай алпауыты «Aker Solutions» бүгінгі күнге дейін 500 қызметкерін қысқартқан, тағы 300-і жуырда жұмыстан шығарылмақ.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ