Жанат Жақиянов WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанат Жақиянов WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылып қалды

23.10.2017

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылып қалды. Белфастта өткен бокс кешінде төрешілер бірауыздан шаршы алаң қожайыны Райан Барнетті жеңімпаз деп таныды. Алайда, халықаралық БАҚ өкілдері қазақстандықты қолдап, бұл шешіммен келіспейтінін жарыса жазып жатыр. Отандасымыз осылайша кәсіби рингте екінші рет жеңіліп отыр. Нәтижесінде Жанат Жақиянов кәсіби боксшылар рейтингінде сегіз сатыға төмен түсіп, 21-ші орынға тұрақтады. Ал, Барнет керісінше, жеңіл салмақта бесінші орыннан бір сатыға жоғарылады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу