Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді.
Астанада өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйді жеңді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері тізгінді өз қолында ұстап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, 26 жастағы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокс мансабында 22 кездесу (15-і нокаутпен) өткізіп, әлі жеңіліссіз келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп жатыр.