«Таңшолпан». Қанат Ислам: Бұл тарихтағы ең жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қанат Ислам: Бұл тарихтағы ең жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын (ВИДЕО)

07.09.2017

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жиынға қазақстандық боксшылар мен олардың қарсыластары қатысты.

9-қыркүйекте өтетін бәсеке алдындағы басқосуға Брэндон Кук пен оның жаттықтырушысы, промоутері келді.

Қазақстанда екінші рет кездесу өткізетін Қанат айқасқа дайын екенін айтты.

«Әрбір жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Қазір жастардың елім, жерім, Отаным деп жұмыс істейтін уақыты. 24 кездесудің барлығына қалай дайындалсам, осы кездесуге де солай жаттықтым. Сол үшін тарихтағы ең жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын», - дейді былғары қолғап шебері.

Атап кетсек, айтулы додада көрермендер сондай-ақ, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы және Америкадан арнайы келген қандасымыз Димаш Ниязовтың қолғап түйістіргенін тамашалай алады.

Естеріңізге саламыз, кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу