Кеңсе қызметкерлері шаршы алаңда. Астанада өмірінде ешқашан бокспен айналысып көрмеген түрлі компания мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұдырық түйістірді. Ерекше шара биыл алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Былғары қолғаппен күш сынасуға 150-ге жуық өтініш түсті. Олардың арасындағы ең мықтылары таңдалып, шаршы алаңға шықты. Іріктеуден өткендер 8 апталық жаттығу жасады. Оларды кәсіби бокс шеберлері дайындады. Бір қызығы, турнирге қатысуға ниет білдіргендердің жартысына жуығы қыздар. Ұйымдастырушылар бокс билеттерінен жиналған қаржыға Астанада балаларға арналған спорт алаңдарын салуды жоспарлап отыр.
Бақытжан ОМАР