Қанат Ислам маңызды жекпе-жек алдында соңғы дайындығын пысықтау үшін Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам маңызды жекпе-жек алдында соңғы дайындығын пысықтау үшін Астанаға келді

04.08.2017

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам маңызды жекпе-жек алдында соңғы дайындығын пысықтау үшін Астанаға келді. Соңғы бір ай бойы Алматыдағы бокс базасында жаттыққан отандасымыз қазір бабында. Тіпті жауапты бәсеке алдында Қанат ұлттық құраманың боксшыларымен де қолғап түйістіріп, шеберлігін шыңдады. ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақстандық спортшы канадалық Брэндон Кукпен қолғап түйістіреді. Шаршы алаңда шыңдалған қарсылас осал емес. Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. Дегенмен, Қанат Ислам жанкүйерлерін жерге қаратпауға бекініп отыр.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу