«Қазақстан» және «Kazsport» арналары Қанат Ислам мен Норберто Гонсалестің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» және «Kazsport» арналары Қанат Ислам мен Норберто Гонсалестің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

17.05.2017
«Қазақстан» және «Kazsport» арналары Қанат Ислам мен Норберто Гонсалестің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

27 мамыр күні «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

Біздің отандасымыз  бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental  титулы үшін айқасады.

Бұл бокс кешіне өзге қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО).

Қазір боксшылар Майамиде орналасқан жаттықтыру базада шеберліктерін шыңдау үстінде.

Таяу күндері алдағы айқас туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Хабарламаларға жазылу