Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізбек

26.12.2016
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін АҚШ-та  өткізбек

WBA белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды. 

Ол 2017 жылдың 10 ақпанында АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін жұдырықтаспақ. Жерлесіміздің қарсыласы шаршы алаң иесі 29 жастағы Роуши Уоррен. Ол бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал, жерлесіміз осыған дейін 27 кездесу өткізген. Оның біреуінде ғана қарсыласына есе жіберіп, қалған 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Жақиянов соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуэлалық Йонфрез Парехоны ұтып, «уақытша» белбеуді жеңіп алған еді.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу