Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі 18-наурызда өтеді. Нью-Йорктегі «Мэдисон сквер гарден» аренасы қос боксшының кездесуін өткізуге дайын. «К2 Promotions» компаниясының директоры Том Леффлердің айтуынша, Дэниел Джейкобс Головкинге қарағанда қаржысы көп. Жекпе-жек ресми түрде жарияланғаннан соң, Гена журналистерге сұхбат берді.