Бокс әлемі туралы SecondsOut.com порталы pound-for-pound (салмақ дәрежесіне тәуелсіз) рейтінгін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші орында отандасымыз Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) тұр. GGG келесі жекпе жегін 18 наурызда өткізеді деп күтілуде, оның қарсыласы америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) болмақ.
SecondsOut.com порталы нұсқасы бойынша алғашқы ондық төмендегідей:
1. Геннадий Головкин (36-0, 33 КО)
2. Роман Гонсалес (46-0, 38 КО)
3. Андре Уорд (31-0, 15 КО)
4. Сергей Ковалёв (30-1-1, 26 КО)
5. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО)
6. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО)
7. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО)
8. Синсукэ Яманака (26-0-2, 18 КО)
9. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО)
10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2, 24 КО).